«Ырғыз аудандық білім бөлімі» ММ

Әбенов Қасымхан Жоланұлы
Ырғыз аудандық білім бөлімінің басшысы (санаты Е-R-1)
Бөлім туралы ақпарат
Ырғыз аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі білім беру жүйесін басқаратын аудан әкімі аппаратының атқарушы органы болып табылады.
Бөлім өзінің іс-қимылын Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметін тәртіпке келтіретін Президенттің, Үкіметтің және білім саласындағы аудан әкімінің шешімдеріне, басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге және бөлім Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Электронды поштасы
Мекен-жайы
030400 Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селосы
Алтынсарин көшесі 12-үй
201-208 кабинеттер
Байланыс телефондары (8-713-43)
Әбенов Қасымхан Жоланұлы Бөлім басшысы Е-R-1 21-3-77
Жарекин Оралбай Мырзахметұлы Бас маман Е-R-4 21-0-55
Айтжанов Айбек Маратұлы Бас маман Е-R-4 21-5-63
Бекниязова Алмагүл Амандыққызы Бас маман Е-R-4 21-5-63
Назарбаев Еркін Мұхтарбекұлы жетекші маман Е-R-5 21-9-65
Факс 21-7-94
Бөлім басшысының қабылдау уақыты және орны
Әр аптаның бейсенбі күндері сағат 10.00-12.00 аралығы
207-кабинет
2.Мекеменің атқаратын қызметі:
Жалпы білім беретін мектептердегі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын іс жүзіне асыруда тиісті жалпы білім беру талаптарының орындалуын, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар есебін алу, мекемелерді аттестациядан өткізу. Оқушылардың мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуын талдау, оқу-тәрбие жұмыстарына басшылық жасау, пәндік оқу бағдарламалары жоспарларының орындалуын қадағалау, талдау, басшылық жасау. 1 мен 5 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына тартылуын қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру. Мектептердің жалпы білім беру қорына және оқушылардың ыстық тамағының берілуіне, тазалыққа бақылау жасау, жалпы білім беру ұйымдарында медициналық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру,жалпы білім беретін мектептердегі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын іс жүзіне асыруда тиісті жалпы білім беру талаптарының орындалуын, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар есебін алу, мекемелерді аттестациядан өткізу. Оқушылардың мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуын талдау, оқу-тәрбие жұмыстарына басшылық жасау, пәндік оқу бағдарламалары жоспарларының орындалуын қадағалау, талдау, басшылық жасау. 1 мен 5 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына тартылуын қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру. Мектептердің жалпы білім беру қорына және оқушылардың ыстық тамағының берілуіне, тазалыққа бақылау жасау, жалпы білім беру ұйымдарында медициналық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру, Жалпы білім беретін мектептер мен мектептен тыс білім беру мекемелеріне қажетті кадрларға сұраныс жасау. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдармен жұмысты жүргізу;
Бала құқығын қорғау жұмыстарына басшылық жасау, асырап алу, қамқорлыққа, қорғаншылыққа беру жұмыстарын жүргізу, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың оқытылуын бақылау, басшылық жасау, тәртібі қиын балалармен жұмысты қадағалау, Бөлімнің және оған қарасты жалпы білім беру мекемелерінің қаржы шаруашылық есептері мен бухгалтерлік істерін жүргізу, олардың қаржылануы тұрғысында аудандық бюджеттің қалыптасуына ұсыныстар жасау. Бөлімнің мәдени көпшілік шараларының қаржылануы мен оның жұмсалуына бақылау жасау. Қаржы бақылау органдарымен бірлесе отырып, іс-әрекет жасау. Жалпы білім беру ұйымдары бухгалтерлерінің жұмысына басшылық жасау. Жалпы білім беру мекемелерінің тарификациясын жасап, тиісті орындарға тапсыру. Жалпы білім беру ұйымдары бойынша жылдық, тоқсандық қаржының шығысын есептеп, бюджет шығысының жобасын дайындау;
3.Көрсетілетін қызметтер:
1.Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау;
2.Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау;
3.Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
4.Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру мемлекеттік қызмет көрсету;
5.Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау ;
6.Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу;
7.Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;
8.Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру;
9.Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау;