«Ырғыз аудандық ауылшаруашылық бөлімі» ММ

ДОСЕКЕШОВ АМАНТАЙ ДОСЖАНҰЛЫ
Ырғыз аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы (санаты Е-R-1)
1956 жылы 22 тамызда Ырғыз ауданы Құрылыс селосында туған. Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген. Мамандығы – инженер-механик.
Бөлім туралы ақпарат
«Ырғыз аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ырғыз ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығы мен ветеринария салалары мәселелерін реттейтін аудан әкімдігінің мемлекеттік басқарудағы өкілетті органы болып табылады.
Бөлім өзінің күнделікті қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Үкімет қаулыларын, басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
Электронды поштасы
irgiz_selhozotd@mail.ru
Мекен-жайы
030400 Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селосы
Алтынсарин көшесі 12-үй
307, 309, 310, 313-кабинеттер
Байланыс телефондары (8-713-43)
Досекешов Амантай Досжанұлы Бөлім басшысы Е-R-1 21-4-32
Молыбаев Есет Болатұлы Бас маман Е-R-4 21-8-77
Дәрменов Сералы Мырқымбайұлы Бас маман Е-R-4 21-8-77
Факс 21-1-28
Бөлім басшысының қабылдау уақыты және орны
Әр аптаның бейсенбі күндері сағат 15.00-17.00 аралығы
307-кабинет
Бөлімнің атқаратын функциялары:
Мал шаруашылығы саласын дамытудың азық-түлік бағдарламасын әзірлейді, жүзеге асырады, оларға мониторинг және талдау жүргізеді, облыс шаруашылықтарында орта және ірі өндірісті әрмен қарай дамыту бойынша бизнес-жоспарларды ендіруге көмектеседі, малды қолдан ұрықтандыру және мал өсірудің озат технологиясын ендіру және мал тұқымын асылдандыру, селекциялық жұмыстарды жақсарту есебінен жоғары өнімді асыл тұқымды мал басын көбейтуге және сақтауға көмектеседі, жүн қырқуға, мал азығын дайындауға, мал союға механикаландырылған қызмет көрсетуге арналған үлгілі мамандандырылған орталықтарды құруға, малды асылдандыру, өсіру бағытындағы мамандандырылған құрылымдарды құруға, мал өнімдерін өндіру және өткізу бойынша ассоциациялар, одақтар құруға көмектер береді, мына бағыттағы қарыз беру тетіктерін жетілдіруге қолдау жасайды, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері үшін асыл тұқымды өнімдерге қол жеткізуге қаржы алуға, барлық түліктердің асыл тұқымды аналық малын сақтауға және тиімді пайдалануға, мал мен құстың асыл тұқымдарын дамытуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлуге көмек береді.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның фукциялары:
Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады, профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді және уәкілетті органға береді, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы және диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оларды уәкілетті органға табыс етеді, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асырады, елді мекен жерлерінде жануарларды жаюға арналған орындарды анықтайды, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады, мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы лицензиялауды жүзеге асырады, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органдарына елді мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізеді, алып қойылатын және жойылатын ауру жанурлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді, халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау, жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерді бұзған жағдайда, олардың лицензияларын заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтату туралы шешімдер шығаруға немесе қайтарып алуға бастамашы болуға, белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсынысты шығаруға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы ұсыныс шығаруға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы ұсынысын шығаруға, жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға көмек береді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
1.Өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрлыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, оларға тіркемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру.
2.Өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрлыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді оларға тіркемелерді жүргізу құқығына сенімхат беру.
3.Монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрлыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ тіркеу нөмерлік белгілерін бере отырып, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, оларға тіркемелерді тіркеу, қайта тіркеу.
4.Монтаждалған арнайы жабдығы бар ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрлыс машиналары мен тетіктерді қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, оларға тіркемелерді, сонымен қатар жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру.
5.Тракторларды және олардың базасында өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрлыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу.
6.Тракторларға және олардың базасында өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрлыс машиналары мен тетіктеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру.
7.Көктемгі егіс пен жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май материалдарының және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау.
8.Жабық топырақты жерлерде көкөніс дақылдарын өсіруді субсидиялау.
9.Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін өсіруді және отырғызуды субсидиялау.
10.Минералды тыңайтқыштарды сатып алып алу шығындарын субсидиялау (органикалықтарды қоспағанда).
11.Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру қызметтерінің құнын субсидиялау.
12.Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыруды субсидиялау.
13.Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау.
14.Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеуді жүргізу.
15.Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу.
16.Гербицидтер құнын арзандатуға субсидиялау.