"Нұра ауылдық округі әкімі аппараты" ММ

«Нұра ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
«Нұра ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген тәртіпте мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Президент пен Үкімет актілері, облыс әкімінің, әкімдігінің және Ырғыз ауданы әкімі мен әкімдігінің актілері, басқа да нормативтік құқықтық актілері және Ереже негізінде жүзеге асырады.
Ауылдық округ әкімі аппараты туралы ақпарат
Мекен-жайы
030411 Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылы
Ы.Достаев көшесі 13-үй
Байланыс телефондары
Төлебай Жолаушыбай Төлебайұлы ауылдық округ әкімі Е-R-1
8-713-48-25-1-20
Жұмабай Мәншүк Телмырзақызы Бас маман Е-G-3 8-713-43-72-5-52
Қалиева Гүлсінай Мұханбетжанқызы Жетекші маман Е-G-4 8-713-43-72-5-89
Факс 8-713-48-25-1-20
Ауылдық округ әкімінің тұрғындарды қабылдау уақыты
Әр аптаның сәрсенбі күндері сағат 10.00-12.00
Төлебай Жолаушыбай Төлебайұлы
Нұра ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Төлебай Жолаушыбай Төлебайұлы 5 ақпан 1959 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылында туған. Білімі жоғары. 1983 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді қазақ педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі.
Еңбек жолын 1975 жылы Ырғыз ауданы Нұра совхозында «Армандастар» қой өсіруші комсомол жастар бригадасының мүшесі болып бастаған.
1977-1978 жылдар аралығында Нұра совхозында жұмысшы болып жұмыс жасаған.
1978-1980 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында.
1980-1985 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің интернат тәрбиешісі, әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып жұмыстар атқарған.
1985-1991 жылдар аралығында Нұра совхозында комсомол комитетінің хатшысы, Ырғыз аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, аудандық партия комитетінің кеңесшісі, Нұра совхозында партия комитетінің хатшысы болып жұмыстар жасаған.
1991-2000 жылдары аралығында Нұра совхозы директорының коммерция жөніндегі орынбасары, №1 ферма меңгерушісі, балықшылар бригадасының бридагирі, №1 ферма меңгерушісі, «Мамыр» шаруа қожалығының төрағасы болып жұмыстар атқарған.
2000-2001 жылдары Ақтөбе қаласындағы еңбекпен қамту орталығында жұмыссыз есебінде.
2001 жылдың қыркүйек айынан бастап Ақтөбе қаласында Пригород орта мектебінің мұғалімі болып жұмыс жасап келеді.
Отбасылы, отбасында әйелі, 3 баласы бар.
АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ҚҰҚЫТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округ әкiмiнiң құзыретi
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;
4-1) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына жергiлiктi маңызы бар мәселелердi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығарады;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;
12-2) мүгедектерге көмек көрсетудi ұйымдастырады;
12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырады;
12-4) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
12-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;
12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;
12-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
22) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
1-1. Ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң құзыреттерiне аудан орталығымен көлiк қатынасын ұйымдастыру жөнiнде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгiзу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейiн және кейiн қарай тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастыру да жатады.
1-2. Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгi жүзеге асырады.
1-3. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз мүлiктiк жалға (жалдауға) бередi;
2) берiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындайды;
3) берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;
4) берiлген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
5) жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлетiн, басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiн келiседi;
6) басқаруына берiлген коммуналдық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын белгiлейдi;
7) берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекiтедi;
8) кiрiс көздерiн қалыптастырады;
9) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда әкiмдердiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етедi;
10) бюджет қаражаттарын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
11) жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарын бекiтедi;
12) мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.
3. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округ әкiмiнiң құқықтары
1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
8-1) мемлекеттiк орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде оқуға немесе тағылымдамаға жiберген жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына;
9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
10) бiлiктiлiгi, қабiлетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескерiле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
11-1) өзiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткiзген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;
12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округ әкiмiнiң негiзгi мiндеттерi
1)Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге;
3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
4-1) лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде бейтарап және саяси партиялардың, дiни және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiнен тәуелсiз болуға;
5) мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға;
6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;
7) қызмет этикасы нормаларын сақтауға;
8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
9) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;
10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi тек қызметтiк мақсатта пайдалануға;
12) өздерiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздерi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
13) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға;
14) оқуды аяқтағаннан кейiн өздерiн жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде оқуға жiберген мемлекеттiк органда, сондай-ақ мемлекеттiк қызметте тiкелей жұмысты өтеуге мiндеттi. Оқу және жұмысты өтеу мерзiмдерi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ережеде айқындалады.
Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдық округтің әкімдері төрт жыл мерзімге сайланады.
НҰРА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
1960 жылы мал шаруашылығымен айналысатын «Нұра» кеңшары және Нұра селолық кеңесі құрылды. Әуелі Дүкен ауылы, 1963 жылдан Нұра селосы кеңшар орталығы болып келеді. 1993 жылы селолық кеңес жойылып, 1994 жылы қаңтар айында селолық округ болып қайта құрылды. 1998 жылы кеңшар таратылды. Жер көлемі 643048 га. Ауданмен арада көтерме жол бар. Елді мекендері Дүкен, Мамыр, Белшер. Селолық округ солтүстігінде Әйтеке би ауданымен, оңтүстігінде Тәуіп селолық округімен, шығысында Қостанай облысымен, батысында Ырғыз селолық округімен шектеседі. Халқы - 1321.
Социалистік Еңбек Ерлері: Ә.Мәмбетов, Т.Кішкентаев, Б.Алтаев осында қызмет істеген. Өзендер: Баймұрат, Жыңғылды, Жаман Қызылжар, Талды, Сарысай, Талдысай, Жаман Телқара, Өлкейек, Ырғыз, Торғай, Сарыөзек, Кенжеқара. Көлдері Ащыкөл, Аралбайкөл, Бөкенкөл, Жыңғылдыкөл, Жаныс, Жарқамыс, Кенжеқара, Қолжарма, Қаратұз, Талдысор, Шұбаркөл, Байтақкөл, Айыркөл, Ұзынкөл, Қызылкөл, Шолақкөл, Биіктіктер: Нұра (166), Бозінген, Жамантекше, Төбет, Айыр, Шора. Құмдар: Шағат, Ақтөбе, Ақсай, Қарақұм, Мойынқұм, Тосынқұм. Осы өңірде Шағат, Толыбай тамдары бар. Бесарал, Жарқамыс, Қарасу, Кәлімжан, Өтебай, Таумолда мешіттері болған.
Округте Т.Жүргенов атындағы орта, Дүкен, Мамыр, Белшер негізгі мектептері, клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, 3 ФАП, дәріхана, пошта, байланыс жүйесі, су тұщыту қондырғысы, телехабарлар тарату орталығы, метеостанция, электр жарығын беру станциясы, сонымен бірге 10 жеке сауда дүкені, 5 жеке монша, 1 кафе халыққа қызмет көрсетеді. Округте барлығы 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 13 шаруа қожалығы, 15 жеке кәсіпкер бар. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер: «Уәлі», «Құмкөл». Шаруа қожалықтары: «Молшылық», «Серік», «Бауыржан», «Береке», «Айқын», «Әділет», «Айту», «Абылайхан», «Көркем», «Н-Сыдық», «Ақбота», «Бершат», «Айдын».
НҰРА - Ырғыз ауданының солтүстік-шығысындағы село, селолық округ орталығы. Торғай өзенінің бойында орналасқан. Аудан орталығынан 90 км. Шалқар теміржол станциясынан 246 шақырым, Ақтөбе қаласынан 520 шақырым қашықтықта орналасқан. Халқы - 692 адам. 1960 жылы «Нұра» кеңшары болып ұйымдасып, 1963 жылдан Нұра кеңшар орталығы болды. Кеңшар кезінде ауыл шаруашылығын жөндеу шеберханасы, орта мектеп, интернат, клуб, кітапхана, аурухана, бала бақша болған. Қазір Т.Жүргенов атындағы орта мектеп, ФАП, дәріхана, пошта, т.б. мекемелер, жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді.
ДҮКЕН – Ырғыз селосының солтүстік-шығысындағы елді мекен. Бұрынғы бөлімше орталығы. Халқы - 166 адам. Негізгі мектеп, фельдшерлік пункт жұмыс жасайды. Ырғыздан 70 км. Дүкен - патшалы Ресей кезінде Ырғыз бен Торғай арасындағы байланыс бекеті болған. Нұра селолық округіне қарайды.
МАМЫР – Ырғыз селосынан солтүстік шығыстағы елді мекен. Бұрынғы бөлімше орталығы. Халқы – 175 адам. Ырғыздан 110 км. Елді мекенде негізгі мектеп, кітапхана, клуб жұмыс жасайды. Елді мекеннің айналасын ірілі-уақты өзендер мен көлдер қоршап тұр. Нұра селолық округіне қарайды.
БЕЛШЕР – Ырғыз ауданының шығысындағы елді мекен. Бұрынғы бөлімше орталығы. Халқы – 288 адам. Белшер негізгі мектебі, фельдшерлік пункт, кітапхана жұмыс жасайды. Ырғыздан 86 км. Нұра селолық округіне қарайды.