"Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

ЫРҒЫЗ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
1918 жылы құрылған. 1995 жылдан селолық округ аталады. Жер көлемі 577839 га. Халқы 6539 адам. Орталығы - Ырғыз ауылы. Ырғыз ауылдық округіне Ақши, Қалыбай, Қалалыкөл елді мекендері қарайды. Селолық округ солтүстігінде Әйтеке би ауданымен, Нұра селолық округімен, оңтүстігі мен шығысында Аманкөл селолық округімен, батысында Қызылжар селолық округімен шектеседі. Ырғыз ауылдық Кеңесі 1938 жылы құрылған. 1971 жылға дейін Ырғыз ауылдық кеңесіне тек Ырғыз селосы қарап, Ырғыз поселкелік кеңесі болып аталған. 1971 жылы жаңадан ХХІV партсъезд атындағы кеңшар құрылуына байланысты Қызылпартизан (қазіргі Ақши), Қалыбай елді мекендері осы Кеңеске бағындырылған. 1997 жылы Ырғыз селолық округі жабылып, аудан орталығын әлеуметтік-экономикалық дамыту бөлімі болып қайта құрылды. 2000 жылы Ырғыз селолық округі қайта ашылды.
Округ негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Мал шаруашылығын өркендетуде ІІ, ІІІ-дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің кавалері Михаил Самұратов, орден-медальдармен марапатталған Сәду Әлтаев, механизаторлар Жеткерген Шөлекенов, Файзолла Абдолов, Асу Картанов, автомобиль жүргізушілері Пірімжан Шалжанов, Көбек Қонақбаев т.б. еңбек адамдары еселі еңбек етті.
Бұл өңірден білім, ғылым, мәдениет, шаруашылық салаларында абыройға бөленген көптеген азаматтар шықты. Олардың қатарында техника ғылымдарының докторы, профессор Мырзағали Төлегенов, медицина ғылымдарының докторы, профессор Асылбек Төлеуов, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Жүсіп Сүлейменов, жазушы Жолболсын Шайқақов, аудан әкімі болған Кенжеғали Толықбаев, мәдениет саласын жоғары деңгейге көтеруге үлес қосқан Ерболат Жүсіпов т.б. азаматтар бар.
Қазіргі уақытта селолық округте 6270 бас мүйізді ірі қара, 7267 бас қой-ешкі, 499 бас жылқы, 151 бас түйе малдары және 1680 бас үй құстары бар. 12 өндірістік кооператив, 12 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 26 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Оның ірілері – «Наурыз-СИМ» ЖШС, «МТС» ӨК, «Бердалы» ШҚ.
Селолық округ жерінде бұдан миллиондаған жылдар бұрын метеорит түскен Жаманшың кратері орналасқан. Округтегі жер-су атаулары Қабанқұлақ, Суықбет, Тоқсанбай, Андызды, Бозкемер, Шибұлақ, Мыртымқожа, Майлысай, Байғабылдың Қарабұлағы, Байғабыл тамы, Тойбазар, Байсау, Тепсең, Шилі, Қаратал, Маңқанай, Мантай, Қашқын, Құмқұдық, Әши, Мылтықбай, Сарыоба, Шоңбас, Алданай, Самұраткөл, Сабындыкөл, Ақбаз, Откорм, Бесшейіт.
ЫРҒЫЗ АУЫЛЫ – 1921 жылдан Ырғыз ауданының орталығы. Қазан төңкерісіне дейінгі аты - Жармола. Ырғыз өзенінің оң жағасында, Ақтөбеден 454 км, халқы 5492. Ақтөбе–Ырғыз, Шалқар-Ырғыз тас жолдары бар. Ең жақын теміржол станциясы - Шалқар (170 км.). Іргетасы 1845 жылы әскери бекініс ретінде қаланды. 1925 жылға дейін қала болып есептелді. 1867 жылы Торғай облысының құрамында уезд орталығы болды.
Ы.Алтынсарин қазақ (1879), қыздар (1887) училищесін, интернат ашты. Қазір мұнда 5 жалпы білім мектептері, мәдениет үйі, мұражай, орталық және туберкулез ауруханалары, емхана, кітапхана, балалар кітапханасы, стадион, спорт, өнер, көркемсурет мектептері, мешіт, т.б. мәдени-әлеуметтік орындар, мекемелер бар. ЖШС, ӨК, жеке кәсіпкерлер тұрғындарға қызмет етеді. Жер серігі арқылы байланысатын телефон жүйесі (спутниктік байланыс) іске қосылды. Соңғы жылдары аудан орталығында жаңа құрылыс нысандары көптеп салынып, үйлер пайдалануға берілуде. Сауда нүктелері көбейіп, шағын кәсіпкерлік дамып келеді.
АҚШИ – Ырғыз ауданының солтүстік батысында , Ырғыз өзенінің оң қанатында орналасқан. Аудан орталығынан 23 км, Ақтөбеден 377 км. Халқы - 594. Бұрынғы ХХІV партсъезд атындағы кеңшардың бөлімшесі. Ырғыз ауылдық округіне қарайды. Орта мектеп, ауылдық клуб, ауылдық кітапхана, фельдшерлік пункт, шаруашылық серіктестіктер, бірнеше жеке қожалықтар бар.
ҚАЛЫБАЙ – Ырғыз ауылынан 76 км жерде орналасқан Ырғыз ауылдық округіне қарасты елді мекен. 1971 жылы Ырғыз кеңшарынан бөлініп, ХХІV партсъезд атындағы шаруашылық шаңырақ көтергенде соның құрамына кірді. Бүгінде Қалыбайда 319 адам тұрады. Негізгі мектеп, почта бөлімшелері бар. «Ұлпан», «Назар», «Сарыжайлау» шаруа қожалықтары жұмыс жасайды.
ҚАЛАЛЫКӨЛ - Ырғыз ауылынан 35 км жерде орналасқан Ырғыз ауылдық округіне қарасты елді мекен. Қалалыкөл 1948-1950 жылдары станция болды. Ырғыз кеңшарының №2 фермасы негізінде салынды. Тұрғындар саны - 134 адам. «Самұрат», «Қалалыкөл» шаруашылықтары бар. 1985 жылы сегіз жылдық мектеп ашылды, қазір Қалалыкөл негізгі мектебі деп аталады.
«Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
«Ырғыз ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген тәртіпте мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Президент пен Үкімет актілері, облыс әкімінің, әкімдігінің және Ырғыз ауданы әкімі мен әкімдігінің актілері, басқа да нормативтік құқықтық актілері және Ереже негізінде жүзеге асырады.
САРИН АЛТЫНБЕК АСЫЛБЕКҰЛЫ
Ырғыз ауылдық округінің әкімі
Мекеме басшысы туралы мәлімет
Сарин Алтынбек Асылбекұлы – Ырғыз ауылдық округінің әкімі
1976 жылы 26 желтоқсанда Ырғыз ауданы Ырғыз селосында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе униветситеті бітірген.
АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ҚҰҚЫТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округ әкiмiнiң құзыретi
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;
4-1) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына жергiлiктi маңызы бар мәселелердi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығарады;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;
12-2) мүгедектерге көмек көрсетудi ұйымдастырады;
12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырады;
12-4) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
12-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;
12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;
12-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
22) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
1-1. Ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң құзыреттерiне аудан орталығымен көлiк қатынасын ұйымдастыру жөнiнде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгiзу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейiн және кейiн қарай тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастыру да жатады.
1-2. Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгi жүзеге асырады.
1-3. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз мүлiктiк жалға (жалдауға) бередi;
2) берiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындайды;
3) берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;
4) берiлген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
5) жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлетiн, басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiн келiседi;
6) басқаруына берiлген коммуналдық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын белгiлейдi;
7) берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекiтедi;
8) кiрiс көздерiн қалыптастырады;
9) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда әкiмдердiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етедi;
10) бюджет қаражаттарын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
11) жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарын бекiтедi;
12) мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.
3. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округ әкiмiнiң құқықтары
1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
8-1) мемлекеттiк орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде оқуға немесе тағылымдамаға жiберген жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына;
9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
10) бiлiктiлiгi, қабiлетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескерiле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
11-1) өзiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткiзген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;
12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округ әкiмiнiң негiзгi мiндеттерi
1)Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге;
3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
4-1) лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде бейтарап және саяси партиялардың, дiни және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiнен тәуелсiз болуға;
5) мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға;
6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;
7) қызмет этикасы нормаларын сақтауға;
8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
9) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;
10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi тек қызметтiк мақсатта пайдалануға;
12) өздерiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздерi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
13) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға;
14) оқуды аяқтағаннан кейiн өздерiн жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде оқуға жiберген мемлекеттiк органда, сондай-ақ мемлекеттiк қызметте тiкелей жұмысты өтеуге мiндеттi. Оқу және жұмысты өтеу мерзiмдерi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ережеде айқындалады.
Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдық округтің әкімдері төрт жыл мерзімге сайланады.
Ауылдық округ әкімінің қабылдау уақыты
Әр аптаның сәрсенбі күндері сағат 10.00-12.00 аралығы
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері
«Малға ветеринариялық паспорт беру»
«Ветеринариялық анықтама беру»
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
Электронды поштасы
Мекен-жайы
030400 Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылы
Әбілқайырхан көшесі 28-үй
Байланыс телефондары (8-713-43) 21-6-87 факс
Сарин Алтынбек Асылбекұлы - ауылдық округ әкімі E-R-1 21-6-87
Нұрпейіс Мұратбек - ауылдық округі әкімінің орынбасары Е-G-1 21-8-75
Сағитжанұлы Ербол - бас маман Е-G-3 21-8-75
Қобанов Руслан Құдайбергенұлы - бас маман Е-G-3 21-8-75
Құрманбай Ерсерік Кәдірбекұлы - бас маман Е-G-3 21-8-06
Абайұлы Серікқали - бас маман Е-G-3 21-8-06
Кульбергенова Гульжайнар Сагындыковна - бас маман Е-G-3 21-8-75
Дәрменов Бақытжан Сералыұлы – жетекші маман Е-G-4 21-8-75
Нахимова Сұлу Жақсылыққызы – жетекші маман Е-G-4 21-8-75
Әбдірахман Мұрагер Рахымжанұлы - жетекші маман Е-G-4 21-8-75