Сыбайлас жемқорлық іс-қимылына қарсы қабылданатын шаралар туралы ақпарат.

1.3.Мемлекеттік қызметтің имиджі.
13)Сыбайлас жемқорлық іс-қимылына қарсы қабылданатын шаралар туралы ақпарат.
Аудан әкімі аппараты және аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен селолық округтерде сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және болдырмау жөніндегі жұмыстар жүйелі түрде жолға қойылған. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі «Аудан әкімдігі жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» №100 қаулысымен арнайы өкілетті орган құрылып, жасақталған жоспарға сәйкес жұмыстар атқарып келеді.
Барлық мекеме, кәсіпорын, ұйымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі №793 «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Президент әкімшілігінің 2009 жылғы 30 сәуірде бекіткен іс-шаралар Жоспарының 3.2-тармағын орындау үшін мемлекеттік органдарда көрнекі және қол жетімді орындарда азаматтардың лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жөніндегі арыз-шағымдарына арналған жәшіктер орнатылды. Есепті кезең ішінде азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдары үшін орнатылған жәшікке түскен өтініштер болған жоқ.
Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы №154 «Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» қаулысына сәйкес Ырғыз ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасақталып, жүзеге асырылуда.
Ырғыз ауданында 2011 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысы мен құқықбұзушылығының жағдайы туралы
АНЫҚТАМА
Заң – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден, ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдарда лауазымды қызметкерлерді және басқа да тұлғаларды қамтамасыз етуге бағытталған.
Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру нәтижесінде елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес кең ауқымды қамтыған науқанға айналды. Жемқорлықпен ел болып күресіп жатқанымызбен қолындағы билігін пайдаланып, реті келсе «бармақ басты, көз қыстының» керін жасап жеңіл пайдаға құныққандар аз емес. Қоғамымызда жемқорлықтың орын алуы, еліміздің экономикалық дамуы мен оның өркендеуіне кері әсерін тигізетіні баршамызға белгілі. Осыған байланысты онымен күресу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың ең басты міндеті деп қарауымыз керек.
Аудан әкімі аппараты және аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен селолық округтерде сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және болдырмау жөніндегі жұмыстар жүйелі түрде жолға қойылған. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі «Аудан әкімдігі жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» №100 қаулысымен арнайы өкілетті орган құрылып, жасақталған жоспарға сәйкес жұмыстар атқарып келеді.
Барлық мекеме, кәсіпорын, ұйымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі №793 «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Президент әкімшілігінің 2009 жылғы 30 сәуірде бекіткен іс-шаралар Жоспарының 3.2-тармағын орындау үшін мемлекеттік органдарда көрнекі және қол жетімді орындарда азаматтардың лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жөніндегі арыз-шағымдарына арналған жәшіктер орнатылды. Есепті кезең ішінде азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдары үшін орнатылған жәшікке түскен өтініштер болған жоқ.
Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы №154 «Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» қаулысына сәйкес Ырғыз ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасақталып, жүзеге асырылуда.
2011 жылы аудан әкімдігінде бөлім қызметкерлерінің және мекеме басшыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізілді. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында мекеме, кәсіпорын басшыларының, аудандық «Ырғыз» газеті тілшілерінің, қоғамдық ұйымдар мүшелерінің қатысуымен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Ырғыз аудандық филиалының жанынан құрылған қоғамдық кеңесте қоғамдық тыңдау өткізілді.
Партияның аудандық филиалының бастамасымен 2011 жылдың мамыр-маусым айларында ауданның мемлекеттік қызметшілері арасында «Өзіңнен баста» атты акция ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерін анықтау бойынша «Сенің жемқорлыққа жол жоқ дегенің маңызды» атты бірлескен акция өткізілді.
2011 жылғы 17 тамызда аудан әкімдігінің алқа мәжілісінде арнайы мәселе қаралып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жайы туралы» қаулы қабылданды. Аталған қаулымен азаматтардың ұсыныс-тілектері мен арыз-шағымдарын мерзімінде сапалы қарап, заң жүзінде шешу әр қызметкерге, мекеме басшысына қатаң ескертілді. Сондай-ақ, мемлекеттік орган басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының орындалуы жөнінде атқарылған жұмыстар жайлы аудан әкімі аппаратына тоқсан сайын хабарлама беру және сыбайлас жемқорлық мәселелері жайлы тұрғындар алдында есеп беріп отыру тапсырылды. Бұл мәселе аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында тұр.
Бұл мәселе аппарат кеңесінде, мекемелер мен құқықтық оқыту мектептерінде үнемі қаралады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша әрбір мектеп директорымен, ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен жеке әңгімелер өткізілді. Бөлім басшыларына өздері басқарып отырған мекемелерінде кадрлармен жұмысты күшейту және сыбайластық жемқорлыққа қатысты қылмыстар орын алған жағдайда басшылардың дербес жауапкершілігі жөнінде ескертілді. Ауданның барлық мемлекеттік мекемелерінің ережелеріне және жарғыларына басшының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі міндеттілігі және жауапкершілігі жөнінде өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар, аудан әкімінің өкімімен аудан әкімі аппаратында, селолық округтерде және мекеме, кәсіпорындарда жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспары бекітіліп, құқықтық оқыту жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі, т.б. заңдар мен Елбасы Жарлықтары, Үкімет қаулылары бойынша тыңдаушылармен дәрістер өткізілді. Құқықтық түсіндіру жұмыстарын аудан көлемінде кеңінен жүргізу мақсатында тұрғындарға өзекті мәселелер бойынша тегін ақпарат алуға мүмкіндік берілген. Азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, болдырмау тұрғысында аудан әкімі аппаратында, барлық атқарушы органдарда «сенім телефондары» жұмыс жасайды, бұл жөнінде аудандық газетте ақпараттар жарияланды. Азаматтарға қол жетімді жерлерде мекеме басшыларының қабылдау кестелері, Ар-намыс Кодексінің мәтіні ілінген. Аудан әкімі жанындағы ақпараттық-насихаттық топтар, «Үгіт керуені» арқылы ауданның елді мекендерінің тұрғындарымен кездесулер, жеке қабылдаулар өткізіліп, жан-жақты түсінік беріледі. Аудан әкімі әр тоқсан сайын селолық округтерде болып, көпшілікпен кездесіп, өтініштер мен ұсыныс-пікірлер бойынша тапсырмалар береді.
Елбасының алдымызға қойып отырған тапсырмасын орындау және қоғамымыздың ауыр кеселі сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аудан тұрғындарына заңнаманы түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда. Аудандық «Ырғыз» газетінде «Заң және біз» атты тақырыппен айдар ашылып, онда «Жемқорлық індет - жою міндет», «Жемқорлықтың жолы кесіледі», «Сыбайлас жемқорлыққа қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жемқорлықпен күрес тоқтамайды», «Қызмет көрсетуде кілтипан болмайды», «Мақсатымыз - сапалы қызмет», «Үгіт керуені - ауылдарда», «Жемқорлыққа қарсы жиын», «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі туралы» Жарлығына өзгеріс енгізілгендігі туралы», «Сапалы қызмет - басты мақсат» тақырыптарында мақалалар жарық көрді.
Аудандық әкімдікте жер қатынастары бөлімінің бастығы мен селолық округтер әкімдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарының орындалуы, жеке және заңды тұлғаларға түрлі мақсаттарда жер учаскелерін беру кезінде сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау жөнінде мәжіліс өткізілді. Аудандағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуі кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берілмеуі қатаң бақылауда тұр. Азаматтарға тұрғын үйлер мен тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру заң нормаларына сәйкес жүргізілуде. Мемлекеттік органдардың қызмет тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес конкурстар өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу жөнінде түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу конкурстары тиісті интернет-ресурстарда жарияланып, мейлінше ашықтығы қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарының орындалуы, барлық бөлімдер мен селолық округтердегі, басқа да мемлекеттік органдардағы бұл мәселенің жай-күйі, азаматтардың арыз-шағымдарының аудан әкімдігінің мәжілістерінде қаралып отырады.
Мемлекеттік қызметшілердің Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтау, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтау секілді қоғам тарапынан сеніп тапсырылған міндеттерін адал атқаруы мейлінше қатаң талап етіліп отырады. Бұл тұрғыда «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң мен Ар-намыс Кодексінің мүлтіксіз сақталуына мән беріледі.
Осы тұрғыда мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексіне үстіміздегі жылдың 1 сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Президентiнiң №1180 Жарлығымен енгізілген өзгерістер туралы мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Әрбір мемлекеттік қызметшінің заң баптарын терең білуі және іс жүзінде орындалуын қамтамасыз етуі – бұлжымас міндет болып табылады. Олардың өз міндеттерін орындап қана қоймай қоғамдық-саяси өмірге белсенділікпен араласуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске араласуы біз тарапымыздан табанды түрде талап етіледі.
Осы мақсатта азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруі кезінде конкурс өткізуде мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Ырғыз ауданында 2011 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы бойынша 1 құқық бұзушылық тіркеліп, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің жетекші маманы А.Есмурзинаға Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның 9 бабының 1-ші тармағында көрсетілген құқық бұзушылыққа жол бергені үшін бөлім бастығының 2011 жылғы 9 ақпандағы №6 бұйрығымен «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілді.
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлері сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуi тиiс.
Қазіргі таңда Ырғыз ауданының барлық мемлекеттік қызметшілері осындай заң талаптары тұрғысында жұмыс жасап келеді. Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының заңдылықтарының толық сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қарсы ымырасыз күрес жүргізуіне ықпал ету мақсатында жұмыстар жүргізе беретін болады.
Қазақта «ауруын жасырған өледі» деген дана сөз бар. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көпшілік жұмылып күресу қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу, ашық, үздіксіз, әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Сондықтан қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлық дертімен аяусыз күрес жүргізу әркімнің абыройлы парызына айналып, жұмыстар ымырасыздықпен жалғастырылуы қажет.
Біз сонда ғана алға қойған мақсаттарға қол жеткізе аламыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015
жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша 2012 жылдың
қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
2-тармақ бойынша:
«Нұр Отан» ХДП Ырғыз аудандық филиалының бастамасымен 2012 жылдың мамыр-маусым айларында ауданның мемлекеттік қызметшілері арасында «Өзіңнен баста» атты акция ұйымдастырылып, «Жемқорлық індет - жою міндет» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Мекеме, кәсіпорын басшыларының, аудандық «Ырғыз» газетінің тілшілерінің, қоғамдық ұйымдар мүшелерінің қатысуымен «Нұр Отан» ХДП Ырғыз аудандық филиалының жанынан құрылған кеңесте қоғамдық тыңдау өткізілді. «Нұр Отан» ХДП-ның ғимаратында прокуратура өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Ашық есік күні» өткізілді.
5-тармақ бойынша:
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде мақалалар жарияланып, аудандық прокуратура, сот, аудандық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып дөңгелек үстелдер өткізілді. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары мен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі», және т.б. заңдар бойынша дәрістер ұйымдастырылды. Орталықтандырылған кітапханада «Заң. Уақыт. Заман» тақырыбында библиографиялық шолу өткізіліп, дөңгелек үстел басына жиналғандар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңнан көптеген мағлұмат алып, заң тармақтарымен танысты.
2012 жылдың мамыр айында аудан әкімдігінің бөлім қызметкерлерінің және мекеме басшыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізілді.
Қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жөнінде аудандық «Ырғыз» газетіне тұрақты түрде мақалалар жарияланып тұрады.
6-тармақ бойынша:
Мемлекеттік органдардың құқықтық ағарту-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мен құқықтық ақпараттарды интернет-ресурстарда орналастыру жұмыстары үшін Ырғыз ауданы әкімдігінің ресми сайты интернет желісінде жұмыс істеуде.
7-тармақ бойынша:
Білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліктіліктерін арттыруды жалғастыру мақсатында ауданның білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарына сәйкес сабақтар өткізілді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша мектеп директорларымен, ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен әңгімелер өткізілді.
8-тармақ бойынша:
Мемлекеттік орган басшыларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының орындалуы жөнінде атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі аппаратына тоқсан сайын хабарлама беру, тұрғындар алдында есеп беріп отыруы ұйымдастырылды. Азаматтарға қол жетімді жерлерде мекеме
басшыларының қабылдау кестелері, Ар-намыс Кодексі ілінген. Аудан әкімі жанындағы ақпараттық-насихаттық топтар, «Үгіт керуені» арқылы ауданның
елді мекендерінің тұрғындарымен кездесулер, жеке қабылдаулар өткізіліп, түсініктер берілді.
9-тармақ бойынша:
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде мақалалар жарияланып, аудандық прокуратура, сот, аудандық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып дөңгелек үстелдер өткізілді. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары мен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі», және т.б. заңдар бойынша дәрістер ұйымдастырылды. Орталықтандырылған кітапханада «Заң. Уақыт. Заман» тақырыбында библиографиялық шолу өткізіліп, дөңгелек үстел басына жиналғандар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңнан көптеген мағлұмат алып, заң тармақтарымен танысты.
2012 жылдың мамыр айында аудан әкімдігінің бөлім қызметкерлерінің және мекеме басшыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізілді.
Қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жөнінде аудандық «Ырғыз» газетіне мақалалар жарияланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында «Жемқорлықтың жолын кесейік», «Жемқорлық – қоғам дерті», «Сыбайластық- тіршілігімізге сыйымсыз», «Жемқорлықпен күрес тоқтамайды» және т.б. мақалалар жарық көрді. Аудандық «Ырғыз» газетінде «Заң және Біз» атты тақырыппен айдар ашылды.
10-тармақ бойынша:
Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында ауданда БАҚ арқылы аудан тұрғындарына сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнаманы түсіндіру барысы туралы жұмыстар жалғасын табуда. Аудандық газет бетінде «Заң және біз» атты тақырыппен арнайы қосымша ашылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық ұғымын және сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін түсіндіретін, сондай-ақ мұндай фактілерге жәрдемдесу үшін жауапкершілік туралы жаднамалар әзірленіп, халықтың әр түрлі топтары арасында тарату жұмыстары жүргізілді.
12-тармақ бойынша:
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында аудандық «Ырғыз» газеті беттерінде және аудан әкімдігінің ресми сайтында аудандағы барлық мемлекеттік мекемелердің «Сенім телефондары» жарияланды. Жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері аудандағы барлық мемлекеттік мекемелерде орналастырылған және пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту жұмыстары жалғасын табуда.
13-тармақ бойынша:
Аудандағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуі кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берілмеуі қатаң бақылауда. Азаматтарға тұрғын үйлер мен тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру заң талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Аудандық жер қатынастары бөлімінде селолық округтер әкімдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарының орындалуы, жеке және заңды тұлғаларға түрлі мақсаттарда жер учаскелерін беру кезінде сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау жөнінде отырыс өткізілді және жеке және заңды тұлғаларға түрлі мақсаттарда жер учаскелерінің берілуін қадағалау жұмыстары жүргізілуде. Жер учаскесін жеке меншікке беру кезеңінде заңсыз қайта бөлу фактісі кездескен жоқ.
15-тармақ бойынша:
Мемлекеттік органдар басшыларының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулері өткізіліп, «Нұр Отан» ХДП Ырғыз аудандық филиалының бастамасымен тұрғындардың ауданның мемлекеттік орган басшыларымен кездесуі тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
16-тармақ бойынша:
Аудандағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуі кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берілмеуі қатаң бақылауда. Азаматтарға тұрғын үйлер мен тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру заң талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуін қоғамдық бақылау мақсатында жер учаскесіне құқық беру жөніндегі аудандық комиссияға «Нұр Отан» ХДП өкілі және аудандық мәслихат депутаты тартылған.
28-тармақ бойынша:
Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдануы мен іске асыруының ақпараттық айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында аудандық «Ырғыз» газеті беттерінде ақпараттар
уақытылы жариялануда. Сонымен қатар интернет желісінде Ырғыз ауданы әкімдігінің ресми сайты жұмыс істеуде. Алдағы мерзімде барлық мемлекеттік құрылымдарда дербес сайттар ашуға жұмыстар жасалуда.
29-тармақ бойынша:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің проблемалары бойынша «Нұр Отан» ХДП Ырғыз аудандық филиалының бастамасымен «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында мекеме, кәсіпорын басшыларының, аудандық «Ырғыз» газетінің тілшілерінің, қоғамдық ұйымдар мүшелерінің қатысуымен филиал жанынан құрылған қоғамдық кеңесте 2012 жылдың наурыз айында қоғамдық тыңдауда аудандық жер бөлімі мен ауыл шаруашылығы бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жағдайы талқыланды.
30-тармақ бойынша:
Айқындылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің, әкімнің, аудандық мәслихаттың, басқа да мемлекеттік органдардың қабылдаған қаулы, шешімдері аудан әкімдігінің «irgiz.aktobe.gov.kz» сайтында, «Ырғыз» газеті беттерінде ұдайы жарияланып, аудан тұрғындары үнемі хабардар етіледі.
33-тармақ бойынша:
Мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметінде жасалған сыбайлас жемқорлық көріністеріне талдау жасау және оларды болашақта болдырмау үшін шаралар қабылданып, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дәрістер оқытылып тұрады. Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында заң нормаларын дұрыс қолдану жөнінде ескертілді.
Ырғыз ауданында 2013 жылы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрестің жайы туралы
Бүгінгі таңда, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі күн тәртібінен түспей, барлық мемлекеттік органдардың жұмысындағы ең басымды бағыттарының біріне айналып отыр. Ырғыз ауданының мемлекеттік қызметшілері бұл міндетті терең түсініп, жұмыс жасауда. Ауданда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі» талаптарын орындауда бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді.
Ырғыз ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, болдырмау жөніндегі жұмыстар атқарылуда. «Нұр Отан» партиясының Ырғыз аудандық филиалымен, аудандық прокуратурамен бірлесіп тұрғындармен «Ашық есік» күндері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды акциялар, қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қатысты мақалалар жарияланып, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып келеді.
Мемлекеттік органдар басшыларының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулері өткізіліп, «Нұр Отан» партиясы Ырғыз аудандық филиалының бастамасымен тұрғындардың ауданның мемлекеттік орган басшыларымен кездесуі тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Аудан әкімдігі ғимаратында орналасқан азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдары үшін орнатылған жәшікке Қазақстан Республикасы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияға азаматтардан өтініштер түскен жоқ.
Айқындылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында аудандық «Ырғыз» газетінде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, «irgiz.aktobe.gov.kz» веб-сайтында аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттың қабылдаған қаулы, шешімдері, мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдануы мен іске асыруы және атқарылған жұмыстар мен ауданда болып жатқан жаңалықтар ұдайы жарияланып, ауданның тұрғындары үнемі хабардар етіледі.
2013 жылдың қорытындысымен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы бойынша 2 құқық бұзушылық тіркеліп, Ырғыз ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Нұрпейіске Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағы 8) тармақшасында (жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету) көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» және аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы Ә.Тілеубергеновке Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағы 10) тармақшасында (жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу) көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде аудан әкімдігінің жалпы отырысы болып өтті.
Бөлім, мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөніндегі жұмысты күшейту, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасауға жол бермеу жөнінде және ондай әрекеттер үшін жауапкершілік қатаң талап етілетіндігі ескертіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуге тапсырмалар берілді.
Қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақытылы қарау жөнінде және мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдеріне бақылау күшейтілді.
2013 жыл бойынша аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырыстарында жер учаскелерін беру кезінде заң талаптарының бұзылуының алдын алу және жеке меншікке берілген жерлерді заңсыз қайта бөлмеу, игерілмей бос жатқан жерлерді меншік иелерінен қайтарып алу, мемлекеттік сатып алуға байланысты мәселелер қаралып, аудандық бөлім, мекеме басшыларына заңнамалардың сақталу мәселесін ерекше бақылауға алу міндеттелінді.
Құрылыс кешендерін салу бойынша мемлекеттік сатып алуды тиісінше өткізу жұмыстары, оларды пайдалануға беруге қатысты жұмыстарды ұйымдастыру ерекше бақылауға алынды.
Аудандағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуі кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берілмеуі қатаң бақылауда. Азаматтарға тұрғын үйлер мен тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру заң талаптарына сәйкес жүргізілуде. Осы жылы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жаңадан салынған 7 пәтер «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесі қарсаңында 7 отбасыға табысталды.
Аудан әкімдігінде ауылдық округтер әкімдерінің және мамандардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарының орындалуы, жеке және заңды тұлғаларға түрлі мақсаттарда жер учаскелерін беру кезінде заң бұзушылықтарды болдырмау жөнінде отырыстар өткізіліп келеді. Жер учаскелерін жеке меншікке беру кезеңінде заңсыз қайта бөлу фактілері кездескен жоқ.
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлері сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуi тиiс.
Қазіргі таңда Ырғыз ауданының барлық мемлекеттік қызметшілері осындай заң талаптары тұрғысында жұмыс жасап келеді. Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының заңдылықтарының толық сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қарсы ымырасыз күрес жүргізуіне ықпал ету мақсатында жұмыстар жүргізе беретін болады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу, ашық, үздіксіз, әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Сондықтан қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлық дертімен аяусыз күрес жүргізу әркімнің абыройлы парызына айналып, жұмыстар ымырасыздықпен жалғастырылуы қажет.
Ырғыз ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жағдайы
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2014 жылдың 9 айы бойынша жүзеге асырылуы туралы
АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наруыздағы №308 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын және Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Ырғыз ауданында сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, болдырмау жөніндегі жұмыстар атқарылуда. «Нұр Отан» партиясының Ырғыз аудандық филиалының бастамасымен ауданның мемлекеттік мекеме басшыларынан бастап «Өзіңнен баста» акциясы ұйымдастырылып келеді.
Тамыз айында «Нұр Отан» партиясы Ырғыз аудандық филиалы ғимаратында филиал Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Саяси кеңеске шақырумен бастауыш партия ұйымы төрағалары, депутаттық фракция мүшелері, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты. Саяси кеңес отырысында партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы» талқыланды. Кеңес отырысында төрағаның бірінші орынбасары М.Тұрымов жаңа бағдарлама жобасымен таныстырып, бұрын қабылданған бағдарламамен салыстыра отырып айырмашылықтар жөнінде баяндады. «Нұр Отан» партиясының Ырғыз аудандық филиалының, аудандық прокуратураның өкілдерінің және тағы басқа мемлекеттік мекемелердің қызметшілерінің қатысуларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
«Нұр Отан» партиясының Ырғыз аудандық филиалымен, аудандық прокуратура, аудандық сотпен бірлесіп тұрғындармен «Ашық есік» күндері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды акциялар, қоғамдық тыңдаулар өткізіліп келеді.
Осы жылдың сәуір айында аудандық сот ғимаратында медиация және сыбайлас жемқорлық туралы тақырыптарға байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған ауылдық округ әкімдері аппараттарының мамандары мен кәсіпқой емес медиаторлар, аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі өкілдері қатысты. Сәуір, маусым, шілде айларында Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында «Ашық есік күні», «Әділет кеңес береді» акциялары өтті. Оған аудандық әділет басқармасының, «Нұр Отан» партиясының, құқық қорғау органдарының өкілдері, мекеме, кәсіпорындардың басшылары қатысып, тұрғындарға заңды қызмет көрсету және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты аудандық «Ырғыз» газетінің 14.01.2014 ж. №2 санында «Ортақ әңгіме өзегі», 21.01.2014 ж. №3-6 санында «Жемқорлықпен күрес – баршаның міндеті», 15.04.2014 ж. №22-23 санында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамыздың міндетіміз», 29.04.2014ж. №26-27 санында «Сыбайлас жемқорлықпен күресуге күш біріктірейік», 20.05.2014ж. №31-32 санында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – маңызды іс», 27.05.2014ж. №33 санында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызы туралы», 03.06.2014ж. №34 санында «Комиссияның кезекті отырысы», 01.07.2014ж. №40 санында «Қоғамның індеті – сыбайлас жемқорлық», 9.07.2014ж. №41 санында «Сыбайластықты болдырмау – басты парыз», 22.07.2014ж. №43 санында «Жемқорлықпен күрес – басым бағыт», «Зардабы зор кесел», 29.07.2014ж. №44-45 санында «Жемқорлықпен күрес жолындамыз», Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамыздың міндетіміз», 19.08.2014ж. №48 санында «Қоғам үшін қауіпті дерт», 26.08. 2014ж. №49-50 санында «Қауіп төндіретін құбылыс» т.б. атты тақырыптарда мақалалар жарияланды. Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында ауданда БАҚ арқылы аудан тұрғындарына сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнаманы түсіндіру барысы туралы жұмыстар жалғасын табуда. Аудандық «Ырғыз» газеті бетінің «Құқықтық сауат» атты айдарында азаматтарға құқықтық кеңес беріледі және құқықтық тақырыптарда мақалалар жарияланады.
Мемлекеттік органдардың құқықтық ағарту-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мен құқықтық ақпараттарды интернет-ресурстарда орналастыру жұмыстары үшін Ырғыз ауданы әкімдігінің ресми сайты және аудан әкімінің жеке блогы интернет желісінде жұмыс істеуде.
Білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліктіліктерін арттыруды жалғастыру мақсатында аудандағы Ырғыз гимназиясында және Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде сәуір, мамыр айларында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Қоғамның індеті – сыбайлас жемқорлық», «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – маңызды іс» тақырыптарында сабақтар өткізілді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша мектеп директорларымен, ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен әңгімелер өткізілді.
Аудандағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуі кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берілмеуі қатаң бақылауда. Азаматтарға тұрғын үйлер мен тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру заң талаптарына сәйкес жүргізілуде. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуін қоғамдық бақылау мақсатында жер учаскесіне құқық беру жөніндегі аудандық комиссияға аудандық мәслихат депутаты тартылған.
Мамыр айында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Ақтөбе облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері мен мамандары, кәсіпкерлер мен шаруа қожалық иелері, бөлім басшылары қатысты. Отырыста Ақтөбе облысы бойынша 2012-2013 жылдары жеке тұрғын үй құрылысы және ауыл шаруашылық жерлеріне жүргізілген түгендеу қорытындысы, тұрғын үй салуға және ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға берілген жерлерді тиімді пайдалану, мемлекеттік жерлерді өз бетінше иелену мен жер заңнамасын бұзған кезде мүмкін болатын салдарлар туралы мәселелер қаралып, баяндама жасалды. Ауданда жер учаскесін жеке меншікке беру кезеңінде заңсыз қайта бөлу фактісі кездескен жоқ.
Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдануы мен іске асыруының ақпараттық айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында аудандық «Ырғыз» газеті беттерінде және аудан әкімдігінің сайтында ақпараттар жарияланып отырады.
Ауданның барлық азаматтарын бюджеттік өлшемдермен, басымдылықтар және шешімдерімен таныстыру мақсатында Ырғыз ауданының 2013-2015 жылдарға арналған азаматтық бюджеті аудан әкімдігінің сайтында жарияланды, онда бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оның параметрлері және бюджет қаражаты шығыстарының жұмсалу бағыттары қамтылған. Сонымен қатар аудандық бюджеттің орындалуы туралы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпараттар аудан әкімдігінің сайтында орналастырылды.
Аудан әкімінің, ауылдық округ әкімдерінің тоқсан сайын халық алдындағы есеп беру жиналысы тұрақты түрде өтіп келеді.
2014 жылдың 9 айы бойынша аудандағы мемлекеттік қызметкерлердің арасынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған фактілер орын алған жоқ.
2014 жылдың 9 айы бойынша аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 5 кезекті отырысы болып өтті. Комиссия отырстары жоспар бойынша ай сайын өткізіліп келеді. Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 2014 жылға арналған міндеттер мен тапсырмалар жөнінде және ауданның мемлекеттік қызметкерлерінің табыстары мен мүліктері туралы мәліметтерді уақытылы беру жөніндегі заңнама талаптарының сақталуы, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің жүзеге асырылуы, мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық қылмысы мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды.
Комиссия отырысының шешімі бойынша аудандық бөлім, мекеме басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне қолданыстағы заңнаманың шеңберінде салық органдарына алғаш рет және кезекті табыс туралы декларациялардың уақытылы тапсырылуына бақылау жасау, бағынышты қызметкерлердің өздерінің тікелей қызметтік міндеттерін жүзеге асыруын тиісті бақылауға алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға бағытталған қосымша кешенді шараларды көздеу және жүзеге асыру, жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді сапалы және уақытылы қарау, сатып алудың рәсімін ұйымдастырғанда және өткізгенде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарын қатаң түрде сақталуын қамтамасыз ету, заңнамамен белгіленген тәртіпте пайдалануға берілетін нысандарды (кешендерді) қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды тиісті ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау, аудан аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қабылданған шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде тапсырмалар берілді.
Қазіргі таңда Ырғыз ауданының барлық мемлекеттік қызметшілері осындай заң талаптары тұрғысында жұмыс жасап келеді. Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының заңдылықтарының толық сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қарсы ымырасыз күрес жүргізуіне ықпал ету мақсатында жұмыстар жүргізіле беретін болады.