Әлеуметтік көмек

Әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары.
А.ж. 1 қазанға 182 отбасыға (1104 адамға) – 23104,2 мың. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, соның ішінде:
- шартты ақшалай көмек – 172 отбасына (1056 адамға) – 22362,7 мың. теңге;
- шартсыз ақшалай көмек – 10 отбасына (48 адамға) – 741,4 мың.теңге
Әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға өсуіне байланысты, табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен 182 отбасыға 2462,7мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді.
Жергілікті өкілетті органның шешіміне сәйкес, белгіленген тәртіппен жекеленген санаттағы азаматтарға барлығы 16426,2 мың. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде:
1) Әлеуметтік маңызы бар аурумен ауыратын (туберкулез, онкологиялық) 35 адамға 4600,0 мың теңгеге;
2) Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек,
9 мамыр – Жеңіс күніне орай 89 адамға 1635,0 мың. теңгеге,
Мүгедектер күніне – 330 мүгедекке 9885,0 мың.теңге төленді.
3) Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмек 1 адамға 60,0 мың. теңгеге көрсетілді.
4) 6 мүгедекке жол жүру төлем ақысына 246,2 мың теңгеге қаржы төленді.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы.
Ырғыз ауданы бойынша 2018 жылдың 1 қазанына барлық санаттар бойынша мүгедектердің саны 330 адам, оның ішінде бірінші топ – 23, екінші топ – 90, үшінші топ бойынша – 144, 16 жас пен 18 жас аралығындағылар – 6 және 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар – 67 адам.
«Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес 2012-2013 жылдары Ырғыз ауданы бойынша паспорттаудан өткен әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің жалпы саны – 89. Оның ішінде бейімдеуге жататын объектілер саны – 56.
2014-2017 жыл аралығында 49 әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне бейімдеу жұмыстары жүргізілді.
2018 жылы Ырғыз ауданы бойынша 7 әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, аяқталды.
А.ж. 1 қазанға аудан бойынша жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірген мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бәрі әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Жұмыспен қамту орталығында тіркелген 15 мүгедектің 6 ақылы қоғамдық жұмыстарға, 1 жастар практикасына, уақытша құрылыс жұмыстарына 3 және 5-і - тұрақты жұмысқа орналасты.
Мүгедектерді оңалту медициналық әлеуметтік экспертизасы дайындаған мүгедекті оңалту жеке бағдарламасының негізінде өткізіледі.
Санаторлық-курорттық емделуге Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен Шымкент қаласындағы «Денсаулық» санаториясына 6 жолдама бөлініп, барлығына жолдама берілді.
Жеке оңалту бағдарламасының орындалуы:
- протездік-ортопедиялық көмекке 19 мүгедек жолдама алды,
- Жеке көмекшінің қызметімен 18 мүгедек қолданады,
- Сурдо тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен 28 мүгедек қамтамасыз етілді.
Ауданда 5 жалғыз басты қарттарға және жұмысқа қабілеттсіз азаматтарға көмек ұйымдастырылған, 2 әлеуметтік қызметкерлер өзінің қызметтерін көрсетеді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және әлеуметтік серіктестік.
Ырғыз ауданы бойынша өңірлер әкімдері және кәсіпорындар басшылары арасында еңбек құқықтарын тұрақтандыру және жұмысшылар кепілдемесі мәселелері бойынша өзара әрекеттесу туралы 56 меморандумға қол қойылып, орындалуы бөлім және селолық округ әкімдері тарапынан бақылануда.
2018 жылдың 1 қазанға аудандық үш жақты комиссияның 3 отырысы өткізілді, онда 6 сұрақ қаралды. Еңбек шиелінісінің алдын алу және даулы мәселелерді шешудің тәжірибелері туралы жұмыстар әр комиссия отырысында тараптар төрағаларымен талқыланып отырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары және жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша жүргізілген жұмыстар.
Еспеті кезенде 3429 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы 32 қызмет, 3397 қызмет бөлім және жұмыспен қамту орталығы арқылы көрсетілді.
Бөлімге 9 өтініш түсті, оның ішінде барлығы жеке тұлғалардан. Барлық 9 өтініштерге тиісті заңнамалық тәртіппен түсіндірме түрде жауап берілді.
Қаржы игеру жұмыстары.
Бөлім бюджет бағдарламалары бойынша 2018 жылға әлеуметтік қолдау шараларына 137.8 млн. теңге нақтыланып, бекітілді. А.ж. 1 қазанға 149.0 млн. теңге қаржы заңнамалық тәртіппен игерілді.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ырғыз ауданы бойынша аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша атқарылған жұмыстар туралы
«Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүмкіндігі шектеулі жандармен бірқатар жұмыстар атқарып келеді.
Ырғыз ауданы бойынша 2018 жылдың 1 қыркүйегіне барлығы 332 мүгедек бар. Оның ішінде І топ – 25, ІІ топ – 90, ІІІ топ – 144, 16 жас пен 18 жастың арасында – 6 және 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар – 67.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 2018 жылдың қаңтар айынан бастап І топтағы 18 мүгедекке жеке көмекші тағайындалды. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап бала кезден мүгедек 2 азамат жеке көмекшінің орнына жәрдемақыны тағайыңдалды.
«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша осы жылы жергілікті бюджеттен 1 454,0 мың теңге және республикалық бюджеттен 900,0 мың теңге қаржы бөлініп, барлығы 17 адамға міндетті гигиеналық пакеттер (памперстер), 1 адамға калоприемниек және 4 адамға жаялықтар берілді.
биылғы жылы оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 3 адам тифлотехникалық және 3 адам сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді.
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша биылғы жылы 5 мүмкіндігі шектеулі жанға протезді ортопедиялық көмек алу үшін жолдама берілген болатын. Оның ішінде 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 3 бала ортопедиялық аяқ киімдер алуға жолдама алды. 1 адамға аяғына протез жасатуға және 1 адамға протезін жөндетуге жолдама берілді. Сонымен қатар 1 адам жетек арба алса, 7 адамға таяқ, 2 адамға балдақ берілді. 2 адамға кеуде безінің протезіне жолдама берілсе, қызмет көрсету ұсынылған тағы 2 адам кеуде безі протезін алу қызметінен өз еріктерімен бас тартты.
2018 жылы Ырғыз ауылдық округі бойынша 1 әлеуметтік қызметкер 3 балаға және 1 әлеуметтік қызметкер 2 мүгедекке үйден әлеуметтік қызмет көрсетеді.
«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша осы жылдың 28 мамыры мен 8 маусымы аралығында Шымкент қаласындағы «ар-Рохим» санаториясына емделуге Ырғыз ауылының тұрғыны ІІІ топ мүгедегі Мұстафина Айсәуле, 16 – 27 маусым аралығында Ырғыз ауылының тұрғыны ІІ топ мүгедегі Бердалиева Асылгүл, 12 – 23 шілде аралығында Аманкөл ауылының тұрғыны ІІІ топ мүгедегі Арықбаева Райса, 24 шілде 4 тамыз аралығында Құйлыс ауылының тұрғыны ІІІ топ мүгедегі Құрақбаев Қали, 9 – 20 тамыз аралығында емделу үшін Қарақұдық ауылының тұрғыны ІІІ топ мүгедегі Әбутәліп Сұлу және 21 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Ырғыз ауылының тұрғыны Рахметолла Маримкүл жолдама алып, барлығы 6 адам демалып қайтты.
Осы жылы емделуге барған 5 мүмкіндігі шектеулі жанға жолақы шығындарына 167 6700 теңге аударылып берілді.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 2018 жылы ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген 8 адамға 50,0 мың теңгеден, ҰОС ардагерлерінің жесірлері 2 адамға 25,0 теңгеден және тыл еңбеккерлері 79 адамға 15,0 теңгеден, барлығы 1 635,0 мың теңге біржолғы ақшалай жәрдемақы төленді.
«2012-2018 жылға Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар Жоспарын» орындау мақсатында Ырғыз ауданы бойынша барлығы 56 бейімдеуге жататын әлеуметтік инфрақұрылым нысандары анықталып, осы кезге дейін 49 нысан бейімделді. Биылғы жылы қалған 7 нысанды бейімдеуден өткізілді
1 маусым – балаларды қорғау күні мерекесіне орай аудандық «Арай» мәдениет үйінде 40 мүмкіндігі шектеулі балаға мерекелік шара ұйымдастырылып, дастархан жайылды және сыйлықтар таратылды.
2018 жылы қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні мерекесіне орай аудандағы 332 мүмкіндігі шектеулі адамға 9 930 000 теңге ақшалай әлеуметтік көмек көрсетілді.
Аудан әкімдігінің қаулысы негізінде мүгедектерді тұрақты жұмысқа орналастыру квотасы бойынша 2018 жылы 5 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмысқа орналастыру жоспары беріліп, қазіргі уақытта 2 мүгедек түрақты жұмыспен қамтылды. Жоспар жыл аяғына дейін 100 пайызға орындалатын болады.
Алдағы уақытта да аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қолданыстағы заңдарды басшылыққа ала отырып, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес, мүгедектердің мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында жұмыстар жүргізе береді.
Бөлім басшысы М.Сембі
------------------------------------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Халықты әлеуметтік қорғау
2012 жылы ауданда 275 жаңа жұмыс орны, 318 адам еңбекке орналастырылды, 370 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. Оқу орындарының жұмыссыз болып табылатын 36 түлегі үшін өздерінің алған мамандықтарына сәйкес «Жастар практикасы» ұйымдастырылды. 53 әлеуметтік жұмыс орны ұйымдастырылды. 2012 жылы аудандағы тіркеудегі жұмыссыздар саны 27 адам құрады.
Аз қамтылған отбасыларын кедейліктен шығару және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында әр түрлі әдістер қолданылуда, яғни оларды бос немесе уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру (әлеуметтік жұмыс орындарын қоса есептегенде), ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, мамандық алуға жағдай жасалынып, кәсіптік оқуларға жіберу жұмыстары жүргізілді.
2012 жылға аудан бойынша 4 отбасы 17 адамға 275,9 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. МАӘК алушылардың барлығы да Ырғыз селолық округінің тұрғындары.
2012 жылы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне барлығы 2 адамға 43,6 теңге, Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгерлер жесірі 1 адам, Ұлы Отан соғысына қатысып елге оралып қайтыс болған жауынгерлер жесірлері 28 адам барлығы 29 адамға 1735,1 мың теңге, Ауған жауынгерлері 9 адам және Чернобыль апатында зардап шеккен жауынгер 1 адам барлығы 10 жауынгерге 483,9 теңге, Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткен 148 адамға 3653,7 мың теңге коммунальдық төлем төленді. Барлығы 188 адамға 5916,3 теңге коммуналдық жеңілдіктер төленді.
2012 жылдың 12 айына тұрғын үйлерін жөндеуге І, ІІ-топтағы 4 мүгедекке және 2 жалғыз басты анаға, 1 ҰОС жесіріне, зейнеткерге барлығы 7 адамға 1062,4 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.
2012 жылдың 1 шілдесіне 524 отбасында тұратын 18 жасқа дейінгі 1665 балаларға 24216,0 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді.
2012 жылы ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер мен 1,2,3 топ мүгедектеріне 3000 теңге көлемінде 256 адамға 11736,1 мың теңге жәрдемақы төленді.
Сондай-ақ жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік қызмет көрсету бағдарламасы бойынша, даму мүмкіндігі шектеулі емделуге барған 6 баланың емделу кезеңіндегі жүрген жол ақысына 139,1 мың теңге төленді.
2012 жылы 16 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар 43 отбасына 1560,0 мың теңге қосымша көмек төленді, бұл төлем әр отбасына 3000 теңгеден ай сайын төленіп келеді. Ауданның Ырғыз, Құмтоғай, Нұра, селолық округтеріндегі 3 әлеуметтік қызметкерге 1240,0 мың теңге бөлініп, олар 7 мүгедек балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді. Сондай-ақ 2012 жылы мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде мүгедектерге берілетін көмекші құралдар (гигиеналық пакеттер) алу үшін 1108,8 мың теңге памперс алдынды. Аудан бойынша мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, 2012 жылы І-топтағы 7 мүгедекке жеке көмекші тағайындалып, оларға 1500,0 мың теңге төленді. Сонымен қатар 2012 жылы мүгедектерге 109,2 мың теңгеге 9 сурдотехникалық құрал, 245,1 мың теңгеге 31 тифлотехникалық құралдар берілсе, 338,4 мың теңгеге 5 кресло-арба берілді.
Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарын ұсынды.
Соның әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары бөлімінде:
Біріншіден, басты міндет – кедейшіліктің өсуіне жол бермеу. Кедейшілік ешбір Қазақстандық үшін әлеуметтік перспективаға айналмауы керекгтігі атап көрсетілді.
Бізде осы мақсатқа биылғы жылы 295,0 мың теңге қаралып отыр.
Жылдың бірінші тоқсанына бұл салаға атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш түскен жоқ.
Бөлім басшысы М. Сембі