Жұмысқа орналастыру

Халықты әлеуметтік қорғау
2012 жылы ауданда 275 жаңа жұмыс орны, 318 адам еңбекке орналастырылды, 370 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. Оқу орындарының жұмыссыз болып табылатын 36 түлегі үшін өздерінің алған мамандықтарына сәйкес «Жастар практикасы» ұйымдастырылды. 53 әлеуметтік жұмыс орны ұйымдастырылды. 2012 жылы аудандағы тіркеудегі жұмыссыздар саны 27 адам құрады.
Аз қамтылған отбасыларын кедейліктен шығару және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында әр түрлі әдістер қолданылуда, яғни оларды бос немесе уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру (әлеуметтік жұмыс орындарын қоса есептегенде), ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, мамандық алуға жағдай жасалынып, кәсіптік оқуларға жіберу жұмыстары жүргізілді.
2012 жылға аудан бойынша 4 отбасы 17 адамға 275,9 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. МАӘК алушылардың барлығы да Ырғыз селолық округінің тұрғындары.
2012 жылы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне барлығы 2 адамға 43,6 теңге, Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгерлер жесірі 1 адам, Ұлы Отан соғысына қатысып елге оралып қайтыс болған жауынгерлер жесірлері 28 адам барлығы 29 адамға 1735,1 мың теңге, Ауған жауынгерлері 9 адам және Чернобыль апатында зардап шеккен жауынгер 1 адам барлығы 10 жауынгерге 483,9 теңге, Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткен 148 адамға 3653,7 мың теңге коммунальдық төлем төленді. Барлығы 188 адамға 5916,3 теңге коммуналдық жеңілдіктер төленді.
2012 жылдың 12 айына тұрғын үйлерін жөндеуге І, ІІ-топтағы 4 мүгедекке және 2 жалғыз басты анаға, 1 ҰОС жесіріне, зейнеткерге барлығы 7 адамға 1062,4 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.
2012 жылдың 1 шілдесіне 524 отбасында тұратын 18 жасқа дейінгі 1665 балаларға 24216,0 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді.
2012 жылы ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер мен 1,2,3 топ мүгедектеріне 3000 теңге көлемінде 256 адамға 11736,1 мың теңге жәрдемақы төленді.
Сондай-ақ жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік қызмет көрсету бағдарламасы бойынша, даму мүмкіндігі шектеулі емделуге барған 6 баланың емделу кезеңіндегі жүрген жол ақысына 139,1 мың теңге төленді.
2012 жылы 16 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар 43 отбасына 1560,0 мың теңге қосымша көмек төленді, бұл төлем әр отбасына 3000 теңгеден ай сайын төленіп келеді. Ауданның Ырғыз, Құмтоғай, Нұра, селолық округтеріндегі 3 әлеуметтік қызметкерге 1240,0 мың теңге бөлініп, олар 7 мүгедек балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді. Сондай-ақ 2012 жылы мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде мүгедектерге берілетін көмекші құралдар (гигиеналық пакеттер) алу үшін 1108,8 мың теңге памперс алдынды. Аудан бойынша мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, 2012 жылы І-топтағы 7 мүгедекке жеке көмекші тағайындалып, оларға 1500,0 мың теңге төленді. Сонымен қатар 2012 жылы мүгедектерге 109,2 мың теңгеге 9 сурдотехникалық құрал, 245,1 мың теңгеге 31 тифлотехникалық құралдар берілсе, 338,4 мың теңгеге 5 кресло-арба берілді.
Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарын ұсынды.
Соның әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары бөлімінде:
Біріншіден, басты міндет – кедейшіліктің өсуіне жол бермеу. Кедейшілік ешбір Қазақстандық үшін әлеуметтік перспективаға айналмауы керекгтігі атап көрсетілді.
Бізде осы мақсатқа биылғы жылы 295,0 мың теңге қаралып отыр.
Жылдың бірінші тоқсанына бұл салаға атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш түскен жоқ.
2012 жылы аудан бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының
жүзеге асырылуы туралы мәлімет
2012 жылы бағдарлама шеңберінде атқарылар істер аудан бойынша қолға алынып, жұмыстар жалғасын табуда. Өткен жылы бағдарламаға қатысуға 187 адам өтініш берді, оның 62-ы әйел адамдар, 136-сы 29 жасқа дейінгі жастар.
2012 жылы бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіптік оқуларға 29 адамды оқыту: оның ішінде 15 адамды мемлекеттік тапсырыс аясында тегін кәсіптік оқуға, 9 адамды кәсіптік білім алуға, 5 адамды қайта даярлық курсынан өткізу жоспарланса ,өткен жылы арнаулы оқу орындарына колледждерге кәсіптік оқуға 28 адамға жолдама берілді. Оның 12-сі Ырғыз селолық округінен, 4-еуі Аманкөл селолық округінен,5 -еуі Қызылжар селолық округінен, 2-еуі Құмтоғай селолық округінен ,2-еуі Жайсаңбай селолық округінен, 2-еуі Тәуіп селолық округінен 1-еуі Нұра селолық округінен. Жоспар186,6 пайызға орындалды.
Соныменен қатар өткен жылы 11 адам әр түрлі мамандықта үш айлық даярлық курстарынан өтіп келді.Олардың ішінде Ырғыз селолық округінен-5адам,Қызылжар селолық округінен -1адам,Аманкөл селолық округінен-4адам,Нұра селолық округінен 1адам бар. Өткен жылы жыл аяғына дейін кәсіптік қайта даярлаудан өтіп келген 11 адам ауданның шаруашылық құрылымдарына тұрақты жұмысқа орналасты. Жоспар 100,0 пайызға орындалды.
2012 жылы біліктілігін көтеру курсынан да өз мамандықтары бойынша аудан бойынша Ырғыз селосынан-1адам,Құмтоғай селолық округінен-1 адам, Аманкөл селолық округінен-1адам білім алды. Қайта даярлаудан өтіп келген 3 адам түгел жұмысқа орналасты. Жоспар 100,0 пайызға орындалды. 2012 жылы бағдарлама шеңберінде демеушілік қаржы беру арқылы 33 шаруашылық құрылымдарына жоспар бойынша 50 адамның орнына 65 адам жыл басынан бері жұмысқа орналастырылып, олардың еңбек ақыларын (әр адамға 52 000 теңгеден) алғашқы алты айына 50 пайыздан, соңғы алты айдың 3 айына 30 пайыздан, үш айына 15 пайыздан төлеуге шаруашылық төрағаларымен және бағдарламаға қатысушылармен келісім-шарттар жасалынды.Жоспар130 пайызға орындалды.
Олардың ішінде Ырғыз селолық округінен 29 адам,Қызылжар селолық округінен -6адам,Тәуіп селолық округінен -8 адам, Құмтоғай селолық округінен-2адам,Аманкөл селолық округінен-10 адам, Жайсаңбай селолық округінен-3адам,Нұра селолық округінен-7адам бар. Республикалық бюджеттен әлеуметтік жұмысқа 12441,0 мың теңге қаралып,түгел игерілді. Өткен жылы әлеуметтік жұмыс орындарында жүрген 3 адам келісім-шарт мерзімі аяқталмай , 27 адам келісім-шарт мерзімі аяқталғасын , барлығы 30 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
2012 жылы арнаулы орта, жоғары оқу орындарын бітіріп келген 40 түлекті бағдарлама арқылы жастар практикасына жіберу жоспарланды. Жастар практикасына барлығы республикалық бюджеттен 7 433, 0 мың теңге бөлініп, толық игерілді. 2012 жылы ауданның 31 мекеме - кәсіпорындарында мамандықтарына сәйкес, 49 жас түлек іс-тәжірибеден өтті .Жоспар 122,5 пайызға орындалды. Жыл басынан , жыл аяғына дейін жастар практикасында жүрген 5 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
2012 жылы бағдарламаның екінші бағыты, яғни ауылда кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету мақсатында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына 8 адам білім алып келді.2012 жылы несие алушыларға барлығы 20100,0 мың теңге бөлініп толық игерілді . Аудан бойынша барлығы 12 адам несие алды.Оның 9-ы Ырғыз селолық округінен, 2-еуі Аманкөл селолық округінен,1–еуі Нұра селолық округінен. Жоспар 100,0 пайызға орындалды Сонымен қатар 2012 жылы бағдарлама арқылы несие алушы екі кәсіпкерге инфрақұрылым қызметі көрсетіледі деп жоспарланған болатын. Бағдарлама шеңберінде жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыру үшін ұсынылған әрбір жобаның жобалық-сметалық құжаттары негізінде 3500,0 мың теңге жұмсалды.Өткен жылы бағдарламаның үшінші бағыты, шалғай орналасқан,жол қатынасы қиын экономикалық әлеуеті төмен елді-мекендердің тұрғындарымен қосымша кездесулер өткізіліп,түсінік жұмыстары жүргізілді. 2012 жылы аудан бойынша әлеуметтік –экономикалық әлеуеті төмен елді-мекенге «Қалалыкөл» елді-мекені теңестіріліп,тізімге енгізілді.Бағдарлама шеңберінде төрт отбасы (он отбасы мүшелерімен) өткен жылдың желтоқсан айында Ақтөбе қаласының «Батыс-2»қалашығына қоныс аударды.Қоныс аударушылардың барлығына қолданыстағы ережеге сәйкес,көшіп-қону шығындары төленді.
Ал,бағдарламаның төртінші бағыты- ауылдық елді –мекендерді көркейту бағыты бойынша өткен жылы республикалық бюджеттен 26153,6 мың теңге бөлінді. Ауылдық елді-мекендердегі жүзеге асырылатын жобалар бойынша аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмыссыз 14 адамға орталық арқылы жолдама берілді