Комиссияның отырыстары

2016 жылдың 1 тоқсаны
2016 жылдың наурыз айында аудан әкімінің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның кезекті отырыстары болып өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның күн тәртібінде:
1. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуге қатысты қабылданған шаралар туралы.
Башбаева Сәулеш - «Ырғыз аудандық қаржы бөлімі» ММ бас маманы.
2. Жер учаскелерін беру кезінде ашықтықты және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.
Ералин Аралбай - «Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.
Комиссия төрағасы М.Дуанбеков күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін айтып, комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін сұрады.
Комиссияның шешімі бойынша ауданның мемлекеттік мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне:
мемлекеттік сатып алудың рәсімін ұйымдастырғанда және өткізгенде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының қатаң түрде сақталуын қамтамасыз етсін;
өз мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға бағытталған қосымша кешенді шараларды көздесін және жүзеге асырсын;
аудан көлеміндегі жер беру мәселесін бақылауға алуды күшейтсін;
уақытша өтеулі негізде берілген, мерзімі өтіп кеткен жер учаскелерінің санын анықтап, мониторингін жүргізсін;
бірлесіп, мақсаты бойынша пайдаланылмаған, игерілмеген жер учаскелерін меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан мәжбүрлеп қайтарып алу жөнінде шаралар қабылдасын;
«Өзіңнен баста» атты республикалық акцияға қатысуға атсалыссын;
Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның кұн тәртібінде:
1. Аудан аумағының жолдарындағы авариялық жағдайдың жай-күйі және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
Картеменов Балтабек - Ырғыз ауданы ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің бастығы
Нагимов Азамат Оразғалиұлы – «Ырғыз ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» ММ бастығы.
2. Нұра ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
Удин Декарт – Нұра ауылдық округінің бас маманы.
Комиссия төрағасы М.Дуанбеков күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін айтып, комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін сұрады.
Комиссияның шешімі бойынша ауданның мемлекеттік мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне:
құқық бұзушылықтардың, оның ішінде ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесу және анықтау бойынша жұмыстарды күшейту;
құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында профилактикалық шараларды өткізуді ұйымдастыру;
құқық қорғау бағытындағы қоғамдық бірлестіктермен кездесу және халықпен жиналыс өткізуді қамтамасыз ету;
құқық бұзушылықтардың, оның ішінде, ұсақ құқық бұзушылықтардың барлық түрлерін анықтауда құқық қорғау органдарына ықпал ететін азаматтарды ынталандыру мәселелерін шешу;
жолдардағы апаттылықты тұрақтандыру және жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, профилактикалық іс-шаралар («Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші қауіпсіздігі күні», «Абай болыңыздар, балалар», «Мас күйдегі жүргізуші» және т.б.) өткізуді ұйымдастыру:
жол-көлік травматизмінің алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігі аспекті ақпараттары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратттық жұмыстар жүргізу;
кәмелетке толмағандар арасында ұсақ құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларын жою бойынша сабақтан тыс уақытта педагогикалық жұмыскерлер мен оқушылардың қатысуымен ұдайы рейдтік іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
оқу-тәрбие процесінің шеңберінде мектеп оқушылары арасында құқықтық танымын арттыруға және құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыруға бағытталған сынып сағаттарын, әңгімелесулер, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу;
тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізе отырып, сондай-ақ қоғамдық орындарда азаматтардың жүріп тұру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы буклеттерді таратып, қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» принципін үгіттейтін тақырыптық бейнероликтер дайындау және халыққа көрсету ұсынылсын.
Ырғыз ауданы әкімі аппаратының заңгері,
комиссия хатшысы А.ТҰРМАҒАНБЕТОВ