Жаңалықтар

13.09.2017
Белсенді жастар бас қосты

"Нұр Отан" партиясы Ырғыз аудандық филиалында партия жанындағы "Жас Отан" Жастар Қанатының кезекті отырысы өтті. Аудан бойынша Жастар Қанатына 275 жас мүше. Қоғамдық-саяси шараларда белсенді.
06.09.2017
Биыл ауданымызда ХХІ «Аймақты әнмен тербетіп...» Ырғыз өнер мерекесі өтеді

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жас таланттардың танылуына мүмкіндік туғызу және көршілес аймақтар мен жас өнерпаздардың бір-бірінен үйрену үрдістерін кеңейту мақсатында 1997 жылдан бастау алған «Аймақты әнмен тербетіп...» өнер мерекесі Ақтөбе облысы аймағын ғана әнмен, күймен тербеп қойған жоқ, іргелес жатқан Қызылорда, Қарағанды, Қостанай өңіріне де осы аталған өнер мерекесі арқылы Ырғыз жерінің өнерге бай, ән мен жырдың ордасы екенін танытып келеді.
05.09.2017
Ақшиде мектеп құрылысы аяқталды

Өткен апта ырғыздықтар үшін жақсы өтті. Құрбан айтпен қоса келген білім күні барлық мектептер өз оқушыларына есіктерін айқара ашты.і
Әсіресе Ырғыз ауылдық округіне қарасты Ақши ауылында жаңа мектеп үйінің пайдаланылуға берілуі биылғы оқу жылындағы ең басты жаңалықтардың бірі болса керек....
31.08.2017
Жоба аясындағы сайыс

«Нұр Отан» партиясы Ырғыз аудандық филиалында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай дойбыдан жарыс өтті....
15.08.2017
Таза инвестициялық табысты салымшының жеке зейнетақы шотына үлестіру механизмі туралы

БЖЗҚ таза инвестициялық табысты есептеуді күн сайын жүзеге асырады. Таза инвестициялық табыс салымшылардың зейнетақы жинақтарына автоматтандырылған жүйеде мынадай тәртіпте таратылады....
15.08.2017
БЖЗҚ-ның жаңа электрондық қызметтері арта түседі

Зейнетақы Қоры көрсетілетін қызметтерді жаңғырту және оңтайландыру жолында салымшылдар мен алушыларға жаңа, заманауи қызметтер ұсынады. Олар салымшыларды уақыт шығындап Қорға келіп құжат толтырудан құтқарады....
14.08.2017
Зейнетақы үш құдық

Кеңес одағы ыдыраған соң бұрынғы одақтас республикалардың ортақ зейнетақы жүйесі инерция бойынша тағы бірнеше жыл жұмыс істегені белгілі. Бұл ұрпақтар ынтымақтастығына, жауапкершілігіне негізделген жүйе болатын. Мұнда жұмыс істеуші халықтың ай сайынғы жалақысынан зейнетақы қорына салық ретінде жарналар аударылып тұрды. Ал жарналар ағымдағы зейнеткерлерге зейнетақы ретінде төленді.
09.08.2017
Ауданымызда су көлемі көбейді

Ырғыздың ауыз суының мәселесі жылдар бойы көптен қордаланып қалған еді. Аудандық газет ол туралы бірнеше рет жазған да болатын. Бірқатар оңды өзгерістер болып жатқанмен, аудан тұрғындары сумен қамтамасыз ету мәселесіне әлі де риза емес.
08.08.2017
Ақши ауылында жаңа мектеп бой көтеріп жатыр

Аудан орталығының іргесіндегі Ырғыз ауылдық округіне қарасты №1бөлімшесі орталыққа қол созым жерде болса да, көптеген түйінді мәселелері бар елді мекен. Әсіресе, атам заманда салынған мектеп үйі ешқандай сын көтермейтін еді.
07.08.2017
Мәдени сапар Арал-Ырғыз ежелден қоңсы қонған...

Аралды осы өлең арқылы алғаш танығанымыз рас қой. Аштан қырылып жатқан халыққа вагон-вагон балық жөнелткен әйгілі Арал. Одан соң білгеніміз «Қан мен тердегі» Арал... Кеңес кезінде ыссы суымен ырғыздықтарды тартқан Арал... Аралдың ащы кәмпиті...
04.08.2017
Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететін қызметтерді пайдалану мүмкіндігі туды

Азаматтарға арналған үкіметте тағы да кезекті пилоттық жоба – «Сіздің дербес менеджеріңіз» іске қосылды. Дербес менеджер қызметін пайдаланған адам түрлі анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттік корпорацияның қызметкері атқарады. Дербес менеджер мемлекеттік қызметті жеке көрсетеді, қажетті анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру береді және т.б.
19.07.2017
БЖЗҚ: қосарлы шоттар қысқартылып жатыр

Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі тұңғыш рет 1998 жылы 1 қаңтарда енгізілгені белгілі. Жұмыс істейтін барша қазақстандықтар осы айдан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларындағы өздерінің жеке зейнетақы шоттарына айлық жалақыларының 10 пайызын міндетті түрде аудара бастады....
19.07.2017
БЖЗҚ туралы 5 сұрақ?

Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Онда осы айда БЖЗҚ қызметі, зейнетақы жинақтары және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері жайында жиі қойылатын сұрақтар қамтылған....
18.07.2017
Тағайындау!

Тағайындау!
18.07.2017
«Азаматтарға арналған үкімет» міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы есеп шоты ашылғанын ескертеді. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС Қазақстанда жұмысын бастайды.

Әрбір жұмыс беруші өзі үшін және өзінің қызметкерлері үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруқорына аударымдар мен жарналарды аударатын болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері негізінде аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді....

Беттер